ҚХДР заң жүзінде ядролық қару қолдануға рұқсат берді

619

Солтүстік Корея елге шабуыл жасалған жағдайда автоматты түрде ядролық соққы беру туралы заң қабылдады.

ҚХДР заң жүзінде ядролық қару қолдануға рұқсат берді

Солтүстік Корея өзін ресми түрде ядролық мемлекет деп жариялады және ядролық қаруды қолдануға әкелетін жағдайларды заңнамалық түрде бекітті. Дегенмен үкімет ядролық қаруды төтенше жағдайда ғана қолданатынындарына уәде берді, деп хабарлайды inbusiness.kz Yonhap оңтүстіккореялық агенттікке сілтеме жасап. 

"Егер мемлекеттік ядролық күштерді басқару жүйесіне қарсыластың шабуылына байланысты қауіп төнсе, арандату көзі мен командалық пунктті қоса алғанда, қарсыластың күштерін жою мақсатында ядролық соққы автоматты түрде және алдын ала белгіленген жоспар бойынша дереу жасалады", – деп жазады агенттік.

Сонымен қатар КХДР басшысы Ким Чен Ынға шабуыл жасалған жағдайда да автоматты ядролық соққы іске қосылады. 

Тұтастай алғанда, заңда Солтүстік Кореяның ядролық қаруын басқару тәртібі, оны қолданудың міндеттері мен принциптері, сондай-ақ қаруды қолдануға болатын жағдайлар жазылған.

Солтүстік Кореяның ядролық қаруды қолдану шарттарының қатарына мыналар кіреді:

  • КХДР-ға ядролық немесе басқа да жаппай қырып-жою қаруын қолдана отырып шабуыл жасау немесе мұндай қауіп сөзсіз орын алатын жағдайда;
  • мемлекет басшылығына және ядролық күштер қолбасшылығы басшыларына шабуыл жасау;\елдің стратегиялық объектілеріне шабуыл (қорғанудың басқа жолдары қалмағанда);
  • соғыс ауқымының кеңеюін тез арада болдырмау, сондай-ақ соғыста бастаманы 
  • басып алу қажеттілігі туындаған кезде 
  • төтенше жағдайлардың пайда болуы;
  • басқа елдердің өмір сүруіне және адамдардың өміріне қауіп төнген кезде.

Пхеньян сонымен бірге ядролық қаруды иемдену оның "заңды және ажырамас құқығы" екенін айтты.

Динара Мұрат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу