КХДР Жапон теңізіне қарай екі баллистикалық зымыран ұшырды

481

Жапондықтар Солтүстік Корея ұшырған зымырандар ұшу траекториясын өзгерте алады деген болжам жасауда.

КХДР Жапон теңізіне қарай екі баллистикалық зымыран ұшырды Фото: cdnn21.img.ria.ru

КХДР қарулы күштері Пхеньяннан екі қысқа қашықтықтағы баллистикалық зымыран ұшырды. Бұл туралы Inbusiness.kz Оңтүстік Кореяның қарулы күштері мен "Рёнхап" агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Солтүстік Корея Пхеньяндағы Сунан аймағынан Жапон теңізіне қарай екі қысқа қашықтықтағы зымыранды ұшырды", — делінген хабарламада.

Жапония Үкіметі КХДР өзгермелі ұшу траекториясы бар баллистикалық зымырандарды ұшырды деп санайды. Бұл туралы журналистерге Қорғаныс министрінің орынбасары Тосиро Эно мәлімдеді.

"Пхеньян ұшырған зымыран ұшу траекториясын өзгерте алады деп болжап отырмыз. Біздің есептеулерімізге сәйкес, оның максималды ұшу биіктігі 50 шақырымға дейін жеткен, барлығы 300 шақырым қашықтықты ұшып өтіп, Жапонияның ерекше экономикалық аймағынан тыс аумаққа құлады", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу