ҚХЛ: "Барыс" бүгін елордада "Сочимен" кездеседі

230

Қазақстандық "Барыс" командасы бүгін, яғни 21 желтоқсанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің "Сочи" командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ҚХЛ: "Барыс" бүгін елордада "Сочимен" кездеседі Фото: «Барыс» хоккей клубы

Қазірге дейін командалар 23 мәрте шеберлік байқасты. Оның 16-сы елордалық команданың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік ұжым жеңіске жетті.

Кейінгі бес кездесудің біреуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.

Турнир кестесінде "Барыс" 34 ұпаймен 17-орынға жайғасса, "Сочи" 23 ұпаймен 22-орында келеді.

Қазақстандық клуб бұдан кейін үш ойынын елордада өткізеді. Алдымен 23 желтоқсанда Ресейдің "Трактор" (Челябі) клубымен ойнаса, 25 желтоқсанда "Автомобилист" (Екатеринбург), 27 желтоқсанда "Амур" (Хабаровск) командаларымен кездеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу