KIAF автокөлік форумына 150-ден астам компания қатысып жатыр

840

KIAF автокөлік форумына 150-ден астам компания қатысып жатыр

Астанада үшінші KIAF қазақстандық халықаралық автокөлік форумы мен көрмесі өз жұмысын бастады, деп хабарлайды 24.kz.

"Көрме" орталығында өтіп жатқан шараға автомобиль саласының жетекші халықаралық сарапшылары  мен отандық өндірушілер қатысуда. Биылғы форумның тақырыбы – "Жолаушылар көлігінің болашағы".

Форумда көлік қозғалысының ауаға, адам денсаулығына кері әсерін азайту, жолаушылар тасымалын қауіпсіз әрі жайлы ету мәселесі талқыланып жатыр. Қазақстандық автобизнес қауымдастығының вице-президенті Анар Мақашеваның айтуынша, былтыр "Қазақстанда жасалған" белгісімен өндірілген автокөліктердің сатылымы 120 миллиард теңгеден асқан. Отандық автозауыттар 19 мыңнан аса техника шығарған. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда үш есеге артық. "Сондықтан автомобиль жасау саласының болашағы баянды", – дейді мамандар.

Форум аясында автокөліктерге арналған жабдықтардың ауқымды көрмесі де ұйымдастырылған. Көпшілік назарына Қазақстан, Ресей, Ұлыбритания, Жапония, Италия мен польшалық 150-ден астам компанияның автобөлшектері ұсынылып жатыр. Аталған көрме 5 сәуірге дейін жалғасады. Ал форум ертең аяқталмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу