"Кибер-шериф" автоматты жүйесі жолдағы құқық бұзушылықты анықтайды

466

Ішкі істер министрлігі ақпараттық медиа-порталының хабарлауынша: Түркістан облысының полицейлері “Кибер-шериф” жүйесінің көмегімен 1,5 млн теңге қарызы бар көлікті анықтаған, деп жазады inbusiness.kz. 

"Кибер-шериф" автоматты жүйесі жолдағы құқық бұзушылықты анықтайды Фото: KAZ-STS

"Түркістан облысы ПД ЖПҚ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол ережесін бұзушыларды анықтау бойынша профилактикалық іс-шаралар аясында Шымкент – Самара тас жолында “Кибер-шериф” автоматты жүйесінің көмегімен Түркістан облысының тұрғынының басқаруындағы Volkswagen Passat көлігін тоқтатты. Тексеру кезінде аталған автокөліктің сот орындаушысының қаулысына сәйкес, жалпы сомасы 1,5 миллион теңгеге жуық төленбеген айыппұл бойынша берешегі бары анықталды" делінген ақпаратта.

Жалпы, Түркістан облысының полицейлері соңғы үш тәулікте “Кибер-шериф” автоматты жүйесінің көмегімен облыс жолдарында 600-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықтаған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу