Киберқауіпсіздік рейтингісі: Қазақстан нешінші орында?

977

Тізімде барлығы 194 ел бар.

Киберқауіпсіздік рейтингісі: Қазақстан нешінші орында?

Global Cybersecurity Index киберқауіпсіздік рейтингісінде жалпы 182 орын бар, Қазақстан 31-орында тұр. Елдің индексі – 93,15, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Global Cybersecurity Index рейтингісін алғаш рет 2015 жылы халықаралық телекоммуникация одағы (International Telecommunication Union, ITU) іске қосқан. Ол елдердегі киберқауіпсіздікті дамытуды көздейді.

ITU индексі 5 негізгі бағыт бойынша 82 сұрақтан тұрады (әр бағыт 20 балдан, барлығы – 100 балл):
• құқықтық шаралар;
• техникалық шаралар;
• ұйымдастыру шаралары;
• әлеуетті дамыту бойынша шаралар;
• ынтымақтастық шаралары.

Қазақстан барлық өлшем бойынша айтарлықтай жоғары баға жинаған: құқықтық шаралар сегменті – 20 балл, техникалық – 19,54 балл, ұйымдастырушылық – 18,46 балл, әлеуетті дамыту шаралары – 15,15 балл, ынтымақтастық шаралары – 20 балл.

ТМД елдері арасында Ресей (4-орын, индекс – 98,06) Қазақстаннан жоғары тұр. Қалған мемлекеттер елімізбен салыстырғанда төмен нәтиже көрсеткен. Мысалы, Әзербайжан 40-орын, Молдова 63-орын, Өзбекстан 70-орын, Украина 78-орын, Беларусь 89-орын, Армения 90-орын, Қырғызстан 92-орын, Тәжікстан 138-орын, Түрікменстан 144-орында.

Рейтингті көшбасында АҚШ (1-орын), Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі, Сауд Арабиясы (2-орын), Эстония (3-ші орын), ал ең соңында Солтүстік Корея тұр. Рейтингке қатысқан 194 елдің үшеуіне қатысты деректерді жинау мүмкін болмаған (Микронезия, Йемен және Ватикан).

Биыл қаңтар-маусымда елімізде компьютерлік бағдарламалау және консультациялар саласында 199,4 млрд теңгеге қызметтер көрсетілген, өткен жылмен салыстырғанда 29,9%-ға артық. Нақты өсім – 24,4%.

Сектордағы қызметтердің жартысынан астамы елорданың үлесінде: 107,5 млрд теңге, өткен жылмен салыстырғанда 57,8%-ға көп. Үздік үштікке Алматы (71,2 млрд теңге, бір жылда плюс 2,6%) және Қарағанды облысы (4,5 млрд теңге, плюс 61,8%) енді. Салада ең аз қызмет Түркістан облысында көрсетілген: 132,1 млн теңгеге, бір жылда плюс 31%.

Секторда көрсетілетін қызметтердің ең көп көлемі бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу (99 млрд теңге), мемлекеттік электронды ақпарат ресурстар мен жүйелерді қалыптастыру және дамыту аясында ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды басқару қызметі (21,1 млрд теңге) және бағдарламалық қамтамасыз етуді сүйемелдеу (15,8 млрд теңге) үлесінде. Киберқауіпсіздік саласында 2,8 млрд теңгеге қызмет көрсетілді.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу