Киберқылмыс жасады деген күдікпен Қарағанды тұрғыны ұсталды

387

Алдын ала бағалауға сәйкес, залал 49 млн теңгеден артық соманы құрады.

Киберқылмыс жасады деген күдікпен Қарағанды тұрғыны ұсталды Фото: ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен мемлекеттік электрондық қызмет көрсету саласында киберқылмыс жасауда күдікті Қарағанды тұрғынын ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тінту кезінде 24 ұялы телефон, 4 жүйелі блок, 4 флеш-карта, 9 ноутбук, планшет алынды.

Алдын ала бағалауға сәйкес, залалдың сомасы 49 млн теңгеден артық құрады.

"Қылмыстық кодекстің 207-бабы 3-бөлігі 2-тармағымен қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - делінген ҰҚК хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу