Кибершабуыл көбіне фишинг әдісімен жүргізілген

1223

Кибершабуыл көбіне фишинг әдісімен жүргізілген

Қазақстандағы ұлттық компаниялар мен банктерге 79 мың кибершабуыл жасалған. Бұл соңғы алты жылдағы көрсеткіш. Бұл мәлімет, "Қазақстанның қауіпсіздік жүйелері" деген атаумен өткен жиында айтылды. Көбіне алаяқтар фишинг әдісімен жұмыс істеген. Яғни, басшылық атынан есеп-қисап бөліміне хатты оңай жіберіп отырған. Осыған қатысты бірінші жартыжылдықта 99 оқиға тіркелген. Алайда, мәселе дер кезінде шешіліп, соның арқасында қаржылық шығын болмаған. Сондай-ақ, жиында елімізде террорлық әрекетке қарсы 10 мыңға жуық нысан жұмыс істейтіндігі мәлім болды. Оның жартысына жуығы жеке меншікке жатады.

Жанат Сайполдаев, ҚР ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризмге қарсы орталығының Штаб басшысы:

"Біздің ең бірінші мақсатымыз адам қауіпсіздігін күшейту. Сол салада бізде мемлекет органдары болсын, жеке салада біраз мекемелер бар мына жұмыспен айналысатын. Үкіметтің қаулысы бар. Жеке қаулысы. Мемлекетік органдар қатаң бақылауда ұстап отыр".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу