Киев батыстан тағы 3 мың дрон сұрады

681

Украинаға ресейлік инфрақұрылымды жою үшін кем дегенде тағы үш мың дрон қажет. 

Киев батыстан тағы 3 мың дрон сұрады Фото: BBC

Бұл туралы Владимир Зеленский Кеңсе басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк мәлімдеді.

"Ұрыс алаңының аясындағы барлық (ресейлік — ред.) инфрақұрылымды жою үшін біз қанша дронды қолданып, оларды алуымыз керек? Әр түрлі модификациядағы мың, 2 мың, 3 мың дрон. Дрон - соғыстың негізгі элементі", - деді ол "Рада" телеарнасында берген сұхбатында.

Подоляк украин күштері Ресей Федерациясының жаңа қосылған аймақтарында — Луганск Халық Республикасында, Донецк Халық Республикасында, Запорожье мен Херсон облыстарында орналасқан нысандарға шабуыл жасайтынын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу