Киев мэрі Виталий Кличко қаладағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

383

Украинаның көптеген қалаларына снаряд түсті.

Киев мэрі Виталий Кличко қаладағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады Фото: kiev.informator

Бүгін Ресей армиясының жаңа шабуылдарынан соң Украинаның Львов, Хмельницкий, Винница, Ровно облыстарына снарядтар түсіп, жарылыстар болып, электр желілері үзілді.

Ал Киевте камикадзе-дрондардың соққысынан көпқабатты үй қирап, үш адам қаза тапты. Құрбандардың ішінде жүкті әйел бар. Бұл туралы қала мэрі Виталий Кличко өзінің Telegram-каналында жазды.

Осыған дейін Ресей Украинаны шекара маңындағы Белгород облысындағы нысандарға соққы берді деп айыптаған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу