Киевке камикадзе дрондарымен шабуыл жасалды

538

Украина астанасының мэрі қала орталығындағы 3 жарылыс туралы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Киевке камикадзе дрондарымен шабуыл жасалды

Киевте тағы да әуе дабылы естіліп, жарылыстар орын алды.

Виталий Кличко Телеграм арнасында үш жарылыстың болғаны туралы хабарлады.

"Астананың орталығындағы – Шевченков ауданындағы жарылыс. Барлық қызмет оқиға орнында жүр. Толық ақпарат кейін беріледі.

Әуе шабуылы жалғасып жатыр. Баспанада болыңыз!

Шевченков ауданында тағы бір жарылыс орын алды.

Дрондардың шабуылы нәтижесінде Киевтің Шевченков ауданында тұрғын емес ғимаратта өрт болды. Өрт сөндіру бөлімшелері жұмыс істеп жатыр. Бірнеше тұрғын үйлерге зақым келді. Дәрігерлер оқиға орнында жүр. Зардап шеккендер туралы ақпаратты анықтаймыз", – деп жазды Кличко.

Бір күн бұрын Украинада да әуе дабылы жарияланған болатын.

Өткен аптада Ресей әскерлері Украинаның барлық дерлік аймақтары мен ел астанасын зымыранмен бомбалады.

Сонымен қатар Ладыжин ЖЭС-іне шабуыл жасалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу