Air Astana: Киевке ұшпақ болғандар билетін кері қайтара алады

722

Air Astana компаниясы Украина астанасы Киевке ұшатын барлық рейсті тоқтатты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Air Astana: Киевке ұшпақ болғандар билетін кері қайтара алады

"Украинаның әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Air Astana бүгіннен бастап Киевке ұшатын барлық рейсті 2022 жылғы 7 наурызға дейін тоқтатады. 2022 жылғы 22 ақпаннан 7 наурызға дейін сатып алынған билеттерді 31 наурызға дейін
тегін қайта брондауға немесе қайтаруға рұқсат беріледі", – деп жазылған компанияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Жолаушыларға SMS-хабарлама жіберілді. 

Киевке ұшатын рейстер туралы ақпаратты airastana.com сайтынан алуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу