Киік етінің келісі қаншадан сатылмақ?

139

Елімізде 18 ет комбинаты бар.  

Киік етінің келісі қаншадан сатылмақ? Фото: istockphoto.com

10 күннен кейін киік етінің келісі қаншадан сатылатыны белгілі болады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жұмыс енді басталды. Бұл мәселемен Экология министрлігі айналысып жатыр. Біздің міндет – ет комбинаттарын ақбөкен етімен қамтамасыз ету. Қазір 18 ет комбинаты бар. Ветеринарлар да бұған жұмылдырылды. Ет қандай бағамен қабылданатыны және сатылатыны логистикаға байланысты. 10 күннен кейін  белгілі болады", – деді АШМ басшысы Үкіметте өткен брифингте.

Айта кету керек, бұған дейін Қазақстан өңірлерінің бірінде киіктер атыла бастағанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу