Кинематография саласына шетелдік инвесторлар тартылмақ

1198

Депутат Дархан Мыңбайдың айтуынша, елде ұлттық кино комиссиясы құрылуы мүмкін. Бұл туралы ол Мәжілістің жалпы отырысында, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография және мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңының жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде баяндамасында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Кинематография саласына шетелдік инвесторлар тартылмақ

"Заң жобасы қолданыстағы заңнаманы жетілдіруге, ұлттық кино комиссиясын құруға, шетелдік инвесторларды тарту, біздің киноиндустрияны халықаралық кинонарықтарында және кинобизнес алаңдарында көрсету арқылы Қазақстандағы книематографияны дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған", – деді депутат.

Өзгерістер мен толықтырулар екі заңға енгізіліп отыр екен. 

"Біз осы заң жобасын жұмысқа алып, 28 желтоқсанға дейін қорытынды әзірлеуге дайынбыз", – деді Мыңбай.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу