Кино билеттері 16%-ға қымбаттады

905

Алайда сала әр локдаун сайын жаңа сынақтарға төтеп беруде.  

Кино билеттері 16%-ға қымбаттады

Наурыз айында кино билетінің орташа бағасы 1,5 мың теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 16% жоғары, деп хабарлады inbusiness.kz порталы energyprom.kz-ке сілтеме жасап. 

Өңірлер бойынша Шымкент пен Атырауда баға шарықтап кеткен. Мұнда кино көру ақысы орта есеппен 2,6 мың және 2,5 мың теңге тұрады. Одан кейінгі орында 2,1 мың теңге көрсеткішімен Ақтөбе қаласы тұр. 

Ал ең арзан билеттер 800 теңге  Түркістанда тіркелген. Соңғы бір жылда бұл көрсеткіш тек Қостанай (3,5%, 1,3 мың теңге) мен Семейде (2,7%, 1,1 мың теңге) төмендеген. 

2020 жылы кино және бейнефильмдер өндірісі мен дыбыс жазу саласында 41 млрд теңгеге қызмет көсетілген.  Бұл бір жыл бұрынғы көрспткіштен 37,4% төмен. Қаржының басым бөлігі кино және телевизиялық бағдарлама түсіруге жұмсалған. 
Өңірлер бойынша қызметтердің басым бөлігі 71,5%-ы Алматыда көрсетілген. 
Қаржыға шаққанда 29 млрд теңге. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 37,4% төмен. 
Одан кейінгі орында қызметтердің республика бойынша 19% үлісі көрсетілген елорда тұр (7,7 млрд теңге). Бұл үштікті 1,3 млрд теңге көрсеткішімен Шымкент қорытырдылайды. 

Құралай Құдайберген

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу