Кинотеатрлардың табысы артқан

848

Кинотеатрлардың табысы артқан

Ал еліміздегі кино, бейнефильмдер, телевизиялық бағдарламалар мен музыкалық жазбалар өндірісі биыл 40 млрд теңге пайда тапқан. Соның ішінде нақты киностудиялардың табысы 18,1 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Atameken Business.

Бұл көрсеткіштерді 2017 жылғы деректермен салыстырсақ, продакшн-студиялар мен прокатшылардың түсімі 42,5%ға өскен. Ал кинотеатрлар тоғыз айда 16,2 млрд теңге табыс тапқан. Өсім көлемі өткен жылмен салыстырғанда 49,3%-ға жоғары.

Алайда кинофильмдер мен телебағдарламаларды таратушылар табысы 1,3%-ға немесе 5 млрд теңгеге дейін кеміген. Сонымен қатар пост-продакшн компаниялардың кірісі аталған мерзім ішінде 6,5% - ға қысқарып, 313,4 млн теңгені құраған.

Дыбыс жазу студиялары болса түсімді 4,5 есеге ұлғайтқан. Мәселен, 2017 жылы қаңтар-қыркүйек айларында 63,7 млн теңге табыс көрсе, биыл бұл көрсеткіш 288,8 млн теңге жеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу