Киножобаларды қаржыландыру: наурыз айындағы конкурс нәтижесі жойылды

349

Өтінімдер бүгіннен бастап қайта қабылданады.  

Киножобаларды қаржыландыру: наурыз айындағы конкурс нәтижесі жойылды Фото: Ашық дереккөзден

Киножобаларды мемлекеттен қаржыландыру үшін биылғы наурыз айында өткізілген конкурс нәтижесі жойылды. Бұл туралы Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының баспасөз-қызметі мәлімдеді.

"Мұндай шешім қабылдауға аудиторлық тексеріс нәтижесі негіз болды", - делінген хабарламада.

Киножобаларды мемлекеттен қаржыландыру үшін өтінімдер бүгіннен бастап қайта қабылданады.

Құжаттар қабылданатын соңғы мерзім – 29 тамыз.

Өтінімдерді қарайтын Сараптамалық кеңестің отырысы қыркүйек айының соңында өтеді. Питчингтен өткен киножобалар қаржылай қолдауға ие болып, "ұлттық фильмдер" деп танылады.

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы биыл жаңа фильмдердің өндірісіне 3,3 млрд теңге бөлуді жоспарлап отыр: "Қазақфильм" киностудиясы түсіретін киножобаларға кем дегенде 1,2 млрд теңге, ал жеке киножобаларға шамамен 2,1 млрд теңге бөлінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу