Кір жуатын ұнтақ дайындаумен айналысатын жасырын цех анықталды

3219

Цех иелері "Ariel", "Тide", "Миф", "Persil" маркаларын пайдаланған.

Кір жуатын ұнтақ дайындаумен айналысатын жасырын цех анықталды

Контрафактілік кір жуу ұнтақтарын дайындайтын астыртын цех қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР ҚМА Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жедел-іздестіру шаралары барысында Түркістан қаласының тұрғыны Р. Абдуллаев "Иштихат" тұрғын алабы, Доспанбет жырау көшесі н/ж мекенжайы бойынша цех ұйымдастырғаны, онда заңсыз жолмен "Ariel", "Тide", "Миф", "Persil" маркалы 2, 3, 6 кг көлемдегі ұнтақтар дайындағаны анықталды. Ұнтақтарды буып-түюге және өлшеп-орауға арналған 7 жабдық, 500-ден астам ұнтақ қаптамасы, 20 кг-дық 100-ден астам ұнтақ, белгілі маркалардың атаулары бар полиэтилен пакеттер тәркіленіп алынды. Құқық иесі "The Procter&Gamble Company" компаниясына зор залал келген", – деп жазылған хабарламада.

Р.  Абдуллаевқа 5,9 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.

Айта кетсек, контрафактілік тауарлар мемлекетке де, азаматтардың денсаулығына да зиян келтіреді. Нарықта киім мен балалар ойыншықтары, тамақ пен дәрі-дәрмектердің де контрафактілік өнімдері кездеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу