Кір жуғыш машинаны жылыжайға айналдырған: ШҚО-да есірткі плантациясы анықталды

505

Полицейлер тінту кезінде кір жуғыш машинаның ішінен өсірілген қарасораны тапты.  

Кір жуғыш машинаны жылыжайға айналдырған: ШҚО-да есірткі плантациясы анықталды Фото: polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында полицейлер есірткі өсірудің ерекше тәсілін әшкереледі. Таврия ауылының 41 жастағы тұрғыны үйінде ескі кір жуғыш машинаны шағын жылыжайға айналдырып, ал гаражында кептірілген марихуананың ірі партиясын сақтаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Polisia.kz хабарлауынша, заңсыз есірткі плантациясы "Қарасора-2026" және "Канал – Янтарный берег" жедел-профилактикалық іс-шаралары барысында анықталған.

Полицияның мәліметінше, ер адам қарасораның тұқымын интернет арқылы тапсырыс беріп, оны өз үйінің аумағында өсірген. Өсімдіктің бір бөлігін қайта жабдықталған кір жуғыш машинаның ішіне орналастырып, тұрмыстық техниканы қолдан жасалған жылыжай ретінде пайдаланған.

Тінту кезінде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Ұлан аудандық криминалдық полиция қызметкерлері 34 түп қарасораны, есірткі тұтынуға арналған құрылғыны, сондай-ақ гараждан кептірілген өсімдік тектес затты тәркілеген.

Сараптама қорытындысы тәркіленген өсімдіктердің қарасора екенін растады. Зерттелген заттың жалпы салмағы 50,94 грамм болса, кептірілген марихуананың салмағы 16 келіден асқан.

Қазір аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу