Кіріс салықтан босатылмайды

728

BEPS жобасының қатысушыларына ортақ көпжақты конвенция ашықтықты талап етеді. 

Кіріс салықтан босатылмайды Фото: primeminister.kz

Сенаттың жалпы отырысында "Салықтық базаны бүркемелеуге және пайданы салық салу аясынан алып кетуге қарсы іс-қимыл жасау мақсатында салықтық келісімдерге қатысты шараларды орындау жөніндегі көпжақты конвенцияны ратификациялау туралы" заң қабылданды.

"Бұл – Еуропалық Одақтың директивасына сәйкес BEPS жобасының барлық қатысушылары үшін міндетті шарт. Конвенция екіжақты салықтық конвенцияларға салық салудан жалтаруға қарсы іс-қимылға бағытталған өзгеріс енгізеді", – деді жиында премьер-министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов.

Оның сөзінше, конвенцияда заңды тұлғалардың қос резиденттік мәселесін шешу тәртібі анықталған және кіріс көзі болатын мемлекетте және кіріс алушының резиденттігі болатын мемлекетте де кірістерді салық салудан босатпау талабы нақтыланған. Бұған қоса мәміленің мақсаты тек осындай жеңілдіктерді алу болған жағдайда жеңілдіктерді қолдануды шектейтін ереже енгізілген. 

"Біз "Атамекен" кәсіпкерлердің ұлттық палатасы алаңында бизнес-қауымдастық өкілдерімен конвенция ережелерін түсіндіру мақсатында бірнеше рет кездесу өткіздік. Конвенцияны іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржы шығындарын талап етпейді", – деді Әлихан Смайылов.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу