Осыған байланысты мемлекеттік кірістер комитеті ресми хабар таратты, деп жазады inbusiness.kz сайты.
– Әлеуметтік желіде блогер Әлішер Елікбаевтың мемлекеттік кірістер органдарын сотта жеңіп шыққаны жөнінде ақпарат таратылып жатыр, бұл – жалған. Сот оның талабын мәні бойынша қараған жоқ және мемлекеттік кірістер органдарының әрекетін заңсыз деп таныған жоқ, – деп жазылған хабарламада.
Яғни, 2025 жылдың 15 тамызындағы жағдай бойынша, мемлекеттік кірістер органдарының әрекетін заңсыз деп тану туралы сот шешімі шықпаған.
– Мемлекеттік кірістер органдарының әрекетін заңсыз деп тану жөнінде таратылып жатқан ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, – деп қоса кетті кірістер комитеті.
Құзырлы орган өкілдері әлеуметтік желі қолданушылары мен БАҚ-тан тексерілмеген деректі және жалған ақпаратты жарияламауды сұрайды.