Кіші Аралға балық қайта оралып жатыр – Марат Әлиев

Мұндай сүйінші жаңалықты Қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшысы айтып отыр.

Кіші Аралға балық қайта оралып жатыр – Марат Әлиев Фото: britannica.com

Оның сөзінше, Арал теңізінің тартылуы тек экологиялық ғана емес, әлеуметтік мәселеге де айналған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Сарапшы Марат Әлиев теңізде су көбейген сайын үміттің де пайда болатынын жеткізді. 

– Арал теңізі соңғы жылдары тек экологиялық трагедия ретінде ғана емес, адам, табиғат және жауапкершілік арасындағы жоғалған тепе-теңдіктің символы ретінде қабылданып келеді. Осы күні Солтүстік Аралға балық қайта оралып жатыр, климат біртіндеп жақсарып жатыр. Су көбейген сайын үміт те пайда болады. Бұл үміт – әзірге сақтықпен айтылғанымен, қазірдің өзінде нақты әрі шынайы, – деді ол. 

Бұған дейін тап осы жайтты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда қаласында өткен V Ұлттық құрылтайдың отырысында айтқан еді. "Жылдар бойы жүргізілген жұмыстың арқасында Солтүстік Аралды құтқарып қалдық. Қашқан теңіз қайтып, Кіші Аралдың қалпына келе бастағанына біраз жыл болды" деген болатын ел Президенті. 

– Қазақстан 5 жыл бойы жүйелі жұмыс жүргізудің нәтижесінде Солтүстік Аралды сақтап қалды. Бұл тәжірибе экологиялық саясат ғылымға сүйеніп, ұзақ мерзімді жоспармен және халықаралық ынтымақтастықпен жүргізілген кезде ғана нәтиже беретінін көрсетіп отыр.
Бүгін Арал мәселесі тек экология емес. Бұл – су қауіпсіздігі, өңірлердің тұрақты дамуы және әлеуметтік тұрақтылық мәселесі. Осы тұрғыда Ұлттық құрылтай символикалық мәлімдемелер айтылатын алаң емес, суға, жерге және адамдардың болашағына тікелей әсер ететін нақты шешімдер қабылданатын кеңістікке айналып отыр, – деп сөзін қорытындылады Марат Әлиев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу