Кишинёвте Қазақстан мен Молдова консулдық мәселелер бойынша келіссөз өткізді

96

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Кишинёвте Қазақстан мен Молдова консулдық мәселелер бойынша келіссөз өткізді Фото: СІМ

Кишинёвте Қазақстан мен Молдова Сыртқы істер министрліктері арасында консулдық мәселелер бойынша консультациялар өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан делегациясын СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры Азамат Аубеков, ал Молдова тарапын Консулдық істер жөніндегі бас басқарма басшысы Лилиан Морару басқарды. Кездесуге екі елдің құзырлы органдарының өкілдері де қатысты.

Тараптар өзара іс-қимыл деңгейін жоғары бағалап, сенім мен халықаралық құқық қағидаттарына негізделген ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендерін растады.

Келіссөздер барысында көші-қон саясаты, шекараларды басқару, құжаттарды өзара тану, консулдық қызметтерді цифрландыру, сондай-ақ азаматтарға құқықтық көмек көрсету мәселелері талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі ел азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында ақпарат алмасуды жалғастыруға уағдаласты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу