Ол жасанды интеллект көмегімен жалған суреттер әзірлеп, адамның орнына ешкінің өлексесін өртеген. Кейін қайтыс болғаны туралы куәлік алып, 1,5 жылға жуық уақыт бостандықта жүрген, деп жазады inbusiness.kz сайты.
NDTV басылымының мәліметінше, Раджбхарға 2016 жылғы 19 желтоқсанда Йогеш Сингхті өлтірді деген айып тағылған.
Тергеу дерегінше, күдікті жәбірленушіні Муншипур ауданындағы теміржол маңында атып кеткен. Марқұмның жиені полицияға арыз бергеннен кейін Раджбхарға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Сот процесі кезінде ол кепілмен бостандықта жүрген.
Полиция Раджбхарды Хваджаджаханпур маңында ұстаған. Тергеу кезінде оның бірнеше қаланың ауқатты тұрғындарынан ақша жинап, оны бағалы қағаздар нарығына салуға уәде бергені де анықталған.
Қазір оған жалған құжат жасауға қатысты жеке қылмыстық іс қозғалды. Сонымен бірге 2016 жылғы кісі өлтіру ісі бойынша сот талқылауы жалғасады.