Киссинджер соңғы сұхбатында "тәуелсіз Палестина құрмау керек" деп айтқан

460

Киссинджер соңғы сұхбатында "тәуелсіз Палестина құрмау керек" деп айтқан.  

Киссинджер соңғы сұхбатында "тәуелсіз Палестина құрмау керек" деп айтқан Фото: Reuters

АҚШ-тың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы Генри Киссинджер соңғы сұхбатында тәуелсіз Палестина құрмауға шақырған, деп хабарлайды inbusiness.kz Politico басылымына сілтеме жасап. Оның сөзінше, Палестина тәуелсіз болған күннің өзінде Израильге шабуылдамақ.

Ол араб әлемі мен Израиль арасындағы келіссөздер жүргізілу керектігін айтқан. Киссинджер "Израиль мен палестиналықтар арасындағы тікелей келіссөздер нәтижелі болмады" деген пікірде болған.

"Менің ойымша, батыс жағалауды Иорданияның бақылауына беру керек және екі мемлекет құру арқылы мәселені шешуге тырыспау керек, нәтижесінде бір тарап Израильді құлатуға бел буады", – деді Киссинджер.

Дипломат шиеленісті тежеуге АҚШ белсенді түрде араласуы қажет екенін алға тартқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу