Кітап дүкендеріне Қазақстанда шығарылған кітаптар жетпейді – Әділ Қойтанов

1437

Заманауи кітап дүкендерінде қазақ тілді атворларды қойып, Қазақстанда шығарылған кітаптардың үлесі тым аз. Ұлттық кітап палатасының директоры Әділ Қойтанов солай дейді. 

Кітап дүкендеріне Қазақстанда шығарылған кітаптар жетпейді – Әділ Қойтанов

"Мемлекеттік бағдарламалармен шығатын кітаптар облыс, аудан орталықтарындағы кітапханаларға жеткізіліп жатыр. Бірақ дүкендерге жетпейді. Себебі баспалардың бағдарлама бойынша орындалған тапсырыстың үстіне артық тираж шығарып, оны кітап дүкендеріне өткізетін құқықтары жоқ. Сондықтан біз бүкіл баспамен ақылдасып, осы мәселелерді шешу жолдарын қарастырып жатырмыз", – деді ол Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде.

Оның айтуынша, мәселенің себебі нарықтағы кітап сату және кітап сатып алу мәдениетіне келіп тіреледі. 

"Республика территориясында жұмысы жүйеленген дүкендердің сөрелерінде қазақстандық автолардың, оның ішінде қазақ әдебиетінің белгілі ақын-жазушыларының еңбектері сирек кездеседі. Ал "Меломан" желісінің басшыларының айтуынша, ондағы дүкендерде елімізде шыққан кітаптардың үлесі он-ақ пайыз", – деді Қойтанов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу