Киви-әмиян арқылы айыппұл төлеген азамат алаяқтарға алданып қалды

1060

Полиция күдікті қосымшаларды телефонға жүктемеуге шақырады.

Киви-әмиян арқылы айыппұл төлеген азамат алаяқтарға алданып қалды

Астана ІІД-не жергілікті бір тұрғыннан белгісіз жолмен ақша иемденгені туралы арыз келіп түсті. Қазір алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

"Маусым айының соңында мобильді байланыспен түрлі интернет сайттарға кірген қыз белгісіз сілтемеге тап болады. Оны басқан кезде таблоға ҚР ІІМ киберқылмыс жөніндегі басқармасының атынан сайтқа кіргені үшін киви-әмиянға айыппұл төлеу керектігі туралы ескерту шығады. Бойжеткен ештеңеден күдіктенбестен киви-әмиянға ақша аударады", - делінген ресми хабарламада.

Астана ІІД криминалдық полиция бөлімінің басшысы Талғат Бөлегеновтің айтуынша осы тектес алаяқтық дербес компьютерлерде де қолданылады:

"Вирус түскен компьютер интернет-ресурсты пайдаланып отырған адамға кері жіберіліп, оның браузерін блоктап тастайды. Мониторда ҚР ІІМ киберқылмыс жөніндегі басқармасының атынан мәтін шығады да, заңды бұзғаны туралы хабарлайды. Блокты ашу үшін терминал арқылы 6 мыңнан 15 мың теңгеге дейін айыппұл төлеуін талап етеді".

Осыған байланысты тәртіп сақшылары қала тұрғындарынан қандай жағдай болмасын төлем жасамау керектігін ескертеді.

"Естеріңізде болсын, мемлекеттік органдар азаматтардың компьютерін (немесе смартфонын) блоктамайды. ІІМ-нің таратылып жатқан бұл  хабарламаға қатысы жоқ", - делінген ІІД баспасөз қызметінде.

Егер төлем жасап қойған болсаңыз онда терминалдан алған чегіңізді сақтап қойып, полицияға арыз жазғанда қоса тапсырыңыз.

Интернет-алаяқтарға құрбан болмас үшін полицейлер компьютерге немесе смартфонға күдікті бағдарламаларды жүктемеуді және түрлі ресурстарға кірмеуді, терезе бетіне шығып тұрған мазмұны күдікті жарнама баннерлерін ашпауды ескертеді. Егер картинка пайда болған жағдайда мобильді байланысты немесе компьютерді қайтадан жүктеуге жіберіп, вирустың бар-жоқтығын тексеру қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу