"Қиын-қыстау, қилы заманда": "Біз біргеміз" әнінің авторы халықтан кешірім сұрады

27777

Әнші Ибрагим Ескендір орындайтын "Біз біргеміз" әнінің сөзін жазған танымал айтыскер ақын Сырым Әуезхан екен.

"Қиын-қыстау, қилы заманда": "Біз біргеміз" әнінің авторы халықтан кешірім сұрады Фото: видео скриншот

Ол соңғы кездері әннің көпшілікті мезі қылғанын, Құлсарыға көмекке барғалы осы ән жайлы көп сөз естігенін айтады.

"Қиын-қыстау, қилы заманда, не болмаған байтақ даламда" деп басталатын әннің авторы мен едім. Құлсарыға келгелі ең көп естігенім – осы әнді құрту керек деген сөз. Халықтан кешірім сұраймын. Екіншіден, әннен басқа да себептерді қарастырып көрсеңіздер деген ұсыныс бар. Осы әннің артынан жақсы мағыналы, елге пайдалы, елдің рухын көтеретін ән жазсам ба деген ниет бар. Сондай әншілер болса хабарласыңыздар", – деді ол.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу