КҚК-ға жасалған дрон шабуылынан кейін Қашаған мұнайы Қытайға бағытталады

264

Министрліктің мәліметінше, КҚК-ның теңіз терминалына жасалған шабуылдар мұнай экспортын толық тоқтатпаған.  

КҚК-ға жасалған дрон шабуылынан кейін Қашаған мұнайы Қытайға бағытталады Фото: gov.kz

Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумы (КҚК) инфрақұрылымына жасалған дрондық шабуылдардан кейін Қашаған кен орнынан өндірілетін мұнайдың экспорттық бағыттарын қайта қарауға кірісті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, жұмыс істеп тұрған порт инфрақұрылымы арқылы жөнелту жалғасып жатыр.

– Қазіргі уақытта министрлік жүк жөнелтушілермен бірлесіп, мұнай көлемдерін жедел түрде қайта бөлу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Соның ішінде Қашаған мұнайының белгілі бір бөлігі Қытайға бағытталды. Ахуал Энергетика министрлігінің тұрақты бақылауында болады, – деп атап өтті ведомстводан.

Күні кеше энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Каспий құбырына консорциумына тең келетін балама жоқ екенін айтты.

Ал, Reuters агенттігі өзінің дерек көздеріне сілтеме жасап Қашаған мұнайы Қытайға сатылатынын жазды.

Reuters екі дереккөздің мәліметіне сүйене отырып жазған материалында: "Каспий құбыр желісі консорциумы дрондар шабуылынан зақымданып істен шыққандықтан, Қазақстан Қашағанда өндірілген мұнайдың бір бөлігін тікелей Қытайға сатпақ", – деп жазылған. 

Өткен аптада Түркия Ресей мұнайынан бас тартып, Қазақстанды таңдап күллі әлемді таңқалдырды. Санкциядан секем алған бауырлас ел Қазақстанда өндірілетін CPC Blend мұнайын тасымалдай бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу