КҚК Қашағаннан 350 мың тоннадан астам мұнай тасымалдады

1028

КҚК Қашағаннан 350 мың тоннадан астам мұнай тасымалдады

Каспий құбыржелісі консорциумы (КҚК) Қашағаннан 350 мың тоннадан астам мұнай тасымалдады, деп мәлім етті КҚК баспасөз қызметі. Бұл туралы "Интерфакс-Казахстан" жазып отыр.

"2016 жылғы 19 қарашадағы жағдай бойынша Каспий құбыр желісі консорциумы бойынша 350 мың тоннадан астам Кашаған мұнай тасымалданды",  делінген хабарламада.

Қазақстанның энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлім еткендей, 19 қарашадағы жағдай бойынша Қашағанда 450 мың тоннадан астам мұнай өндірілді. КҚК 2016 жылы Қашағаннан 1 млн тоннадай мұнай айдайтын болады. Ал  2017 жылы бұл көрсеткіш 12 млн тоннаға дейін жетпек.  Келер жылы  КҚК кеңейту жобасын аяқтап,  тасымалдаудың жаңа деңгейіне көшеді. Яғни, жылына  67 млн тонна мұнай тасымалдамақшы.  Соның  56 млн тоннасы  қазақстандық өндірушілердің үлесіне тиесілі болса, 11 млн тоннасы – ресей тарапынікі.  Каспий құбыр желісі консорциумы (КҚК) Қашағаннан биылғы қазан-желтоқсанда 600 мың тонна мұнай айдауға тапсырыс алған.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу