Каспий құбыр консорциумы Қара теңіздегі танкерлерге мұнай құятын үшінші қондырғыны жөндеуден сәтті аяқталғанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Жоспарды жөндеу аясында суасты шлангтар мен құбыршектер ішінара ауыстырылды. Ал 21 қаңтарда гидросынақтар өткізілген болатын. Осыдан кейін суңгуірлер манифольдты ашты", – дейді консорциум мамандары.
Айта кетейік, бұған дейін 29 қарашада экипажсыз катерлермен жасалған лаңкестік шабуыл кезінде танкерлер аялдайтын 2-қондырғыға айтырлықтай зақым келген болатын.
Ал келісімшарт бойынша кем дегенде екі мұнай құятын қондырғы істеп тұруы қажет. Қазіргі кезде танкерлер бірінші және үшінші қондырғыдан мұнай тиеп жатыр.