Трансшекаралық өзендерді пайдалануда қырғыз бен қазақ мәмілеге келе алмай отыр

1265

Трансшекаралық өзендерді пайдалануда қырғыз бен қазақ мәмілеге келе алмай отыр

Мамандардың айтуынша, алдағы 25-50 жылда Шу мен Таластың ағысы 40 пайызға баяулауы мүмкін. Ал бұл айналып келгенде, Қазақстан және Қырғызстан шаруаларын тығырыққа тірейді. Сондықтан су ресурстарын сақтауға қазірден бастап жіті назар аудару мәселесі өзекті болып тұр, деп хабарлайды 24.kz.

Шу мен Талас трансшекаралық өзендер болып табылады. Осыған орай 2000 жылы Қазақстан мен Қырғызстан тарапы оларды бірлесіп қолдану жөнінде келісімге қол қойған еді. Gайда болған мәселені де мамандар екі жақ бірлесіп шешкені әлдеқайда тиімді дейді.
"Қауіп шамамен 30 жылдан кейін келеді. Бірақ біз қазірден бастап оның алдын-алуымыз керек. Яғни су ағынының қысқаруына жол бермеу керек. Ал табиғи жолмен орын алған жағдайда, шаруалар қиналып қалмайтындай жағдай жасау керекпіз", - дейді Шу және Талас өзендері бассейндеріндегі су ресурстарын басқару жөніндегі жобаның үйлестірушісі  Таалайбек Макенов. 

Осы мәселеге қатысты арнайы комиссия құрылып, су ағынының қысқаруына қатысты негізгі 4 себепті анықтады. Ол – су сапасының нашарлауы, көлемінің азаюы, экожүйенің құлдырауы және климаттық өзгерістер. Оның ішінде су сапасының нашарлауы тікелей адами факторға байланысты. Яғни қазір өзендер құрамындағы зиянды элементтердің көлемі қалыпты деңгейден бірнеше есе артық.

Бұған су ресурстарын басқару мәселесі де жіті назарды талап етеді. Өйткені ортақ келісімнің барына қарамастан Қазақстан тарапы суды аз алып жатқаны жайында жиі шағымданады. Ал қырғызстандық мамандар жыл сайын жөндеу жұмыстарына бөлінетін 70 миллион теңгенің жеткіліксіз екендігін алға тартады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу