ҚМА "Богатырь-Көмір" көмір өндіру кәсіпорнындағы ұрлық схемасын ашты

405

Схеманың жалпы сомасы 830 млн теңгені құрайды

ҚМА "Богатырь-Көмір" көмір өндіру кәсіпорнындағы ұрлық схемасын ашты

Капиталының 50%-ы "Самұрық-Қазына" қорына тиесілі көмір өндіру кәсіпорнындағы жымқыру схемасын ҚМА Павлодар облысы бойынша департаменті "Богатырь-Көмір" ЖШС-мен бірлесіп анықтады, деп хабарлайды  inbusiness.kz.

Күдіктінің 2020-2022 жылдар аралығында "Богатырь-Көмір" ЖШС қабылдау комиссиясымен алдын ала сөз байласу арқылы жүйелі түрде серіктестіктің қаражатын жымқыру әрекеті анықталды. 

Схема жалпы сомасы 830 млн теңгені құрайтын жаңа бөлшектердің орнына айтарлықтай тозған пайдаланылған қосалқы бөлшектерді жеткізуден тұрды. 

Бұл әрекеттер мемлекетке аса ірі көлемде материалдық залал келтірген. Күдіктіге қатысты сот "үйқамақ" түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. 

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жария етілмейді.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу