ҚМА: Қостанай облысында 200 мың доллардан астам криптоактивтер табылды

505

Өңірде 6 мекенжай бойынша санкцияланған тінту жүргізілді.  

ҚМА: Қостанай облысында 200 мың доллардан астам криптоактивтер табылды Фото: gov.kz

Қаржылық мониторинг агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті

"KZobmen.com", "1WM.KZ", "Kazobmen.ru", "WM007.KZ", "KZ-EXCHANGE.COM" крипто айырбастау пункттері арқылы АХҚО алаңынан тыс, цифрлық активтермен тыйым салынған, аса ірі мөлшерде табыс табумен ұштасқан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған азаматтардың қылмыстық әрекетінің жолын кесті, деп жазады inbusiness.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде 6 мекенжай бойынша санкцияланған тінту жүргізілді. Оның барысында жоғарыда аталған крипто айырбастау пункттерінің ұйымдастырушыларын әшкерелейтін заттар алынды. Атап айтқанда, ноутбуктер, моноблоктар, ұялы телефондар, банктік және бухгалтерлік құжаттар, қылмыстық қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын криптоәмиян кілттері (флэш-карталар). Binance платформасында 2 крипто әмиянда 6 000 АҚШ доллары көлеміндегі криптоактивтер анықталып, оларға уақытша шектеулер орнатылды. Басқа криптобиржаларда орналасқан тағы 200 мың доллардан астам криптоактивтер табылды", - делінген агенттік таратқан хабарламада.

Бүгінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасып жатыр. Өзге мәлімет жария етуге жатпайды.

Бұл ретте Қаржылық мониторинг агенттігі аталған қызмет түріне тиісті лицензия болған жағдайда Астанадағы АХҚО аумағында ғана рұқсат етілгенін ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу