ҚМА мәжіліс экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің ұлына қатысты істі уақытша тоқтатты

227

Жеңіс Елемесов Сенаттың жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің бірқатар сауалына жауап берді.  

ҚМА мәжіліс экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің ұлына қатысты істі уақытша тоқтатты Фото: kaztag.kz

Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов журналистердің мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің ұлының мәртебесі туралы айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Бұрын хабарланғандай, сот өндірісінде Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінде болған қылмыстық іс бар. Іс халықаралық тергеу тапсырмасына сәйкес тоқтатылды”, – деді Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасы орынбасары Жеңіс Елемесов.

Журналистер сондай-ақ Нұрлан Нығматулиннің ұлының мәртебесі туралы сұрады.

– Әзірге куәгер ретінде қаралып жатыр. Біздің сұранымымызға қатысты жауап шетелден келген соң оның мәртебесі анықталады, – деді Жеңіс Елемесов.

Айта кетейік, кәсіпкер Қанат Әміркин Нұрлан Нығматулиннің үлкен ұлы Нұржан Нұрланов өзінен "Алатаудорстрой" компаниясын тартып алып, одан үлкен сомада ақша талап еткенін айтқан еді. Сөйтіп Нұржан Нұрлановтың үстінен қылмыстық іс қозғалған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу