ҚМА мектеп құрылысы кезінде 57 млн теңгеден астам қаржы жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады

612

57,5 млн теңге сомасында ақша қаражаты заңсыз аударылған

ҚМА мектеп құрылысы кезінде 57 млн теңгеден астам қаржы жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады Фото: Almaty.sud.kz

Алматы облысында екі мектепті жөндеу барысында аса ірі мөлшерде мүлікті жымқыру  мән-жайы бойынша тергеу аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2020 жылдың мамыр айында Алматы облысы Кербұлақ ауданының білім бөлімі мен "ПМК-7К" ЖШС арасында жалпы сомасы 855 млн теңгені құраған "Сарыбастау" және "Қарағаш"ауылдарындағы екі мектептің күрделі жөндеуін өткізуге шарт жасалған.

Құрылыс жұмыстары кезінде құрылыс компаниясының басшысы жобалау-сметалық құжаттамада көзделген жұмыстардың бөлігін орындамау, орындалған жұмыстардың актілерін жалған жасау арқылы аса ірі мөлшерде ақша қаражатын жымқырған.

Оның қылмыстық әрекеттері нәтижесінде ЖШС-тің есеп айырысу шотына 57,5 млн теңге сомасында ақша қаражаты заңсыз аударылды.

Тергеу нәтижесінде оған қатысты қылмыстық іс сотқа жолданып, айыптау үкімі шықты. Сонымен қатар, сотталушымен мемлекетке келтірілген  57,5 млн теңге сомасындағы залал толығымен өтелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу