ҚМА жанынан қоғамдық кеңес құрылды

1149

"Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) жанынан қоғамдық кеңес құрылды, деп хабаралайды inbusiness.kz порталы агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ҚМА жанынан қоғамдық кеңес құрылды

"2021 жылдың 1 сәуірінде ҚМА жанындағы қоғамдық кеңестің бірінші отырысы өтті. Оның төрағасы қызметіне Сәлімбай Шунеев сайланды", - деп жазылды хабарламада.

Отырыс барысында Агенттік қызметінің бағыттары бойынша  құрылатын комиссиялардың саны  және  коғамдық кеңестің  төралқа құрамы бекітіліп, комиссиялардың төрағалары сайланды. 

Айта кетейік Қаржылық мониторинг агенттігінің қоғамдық кеңесі -  азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру және  шешімдер қабылдаған кезде қоғамның пікірін ескеру, мемлекеттік басқаруды жетілдіру және  орган қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуді көздейді. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу