Ораза 8 ақпанда басталады

132

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2027 жылғы діни күндер мен мерекелердің мерзімін бекітті.

Ораза 8 ақпанда басталады Фото: muftiyat.kz

Кестеге сәйкес, келер жылы Рамазан айы 8 ақпанда басталады, ал Ораза айт 9 наурызға сәйкес келеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

  • Қадір түні 5 наурыздан 6 наурызға қараған түні болады.
  • Ал Құрбан айт 16 мамырда басталып, 18 мамырға дейін жалғасады.
  • Арапа күні 15 мамырға белгіленген.

Бұдан бөлек, мұсылман күнтізбесіндегі маңызды күндердің бірі – Ашура күні 15 маусымға, Мәуліт мерекесі 14 тамыздан 15 тамызға қараған түнге сәйкес келеді.

ҚМДБ мәліметінше, хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының деректеріне негізделген. Діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты бір күнге өзгеруі мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу