Қажылық сапар қауіпсіз әуе дәліздері арқылы ұшырылады

87

Еліміздің діни басқармасы Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады.    

Қажылық сапар қауіпсіз әуе дәліздері арқылы ұшырылады Фото: muftyat.kz

Мамандардың айтуынша, рейстер жабық немесе қауіпті әуе кеңістіктерін айналып өтетін маршруттармен жоспарланады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазіргі уақытта Сауд Арабиясының әуе кеңістігі халықаралық рейстер үшін ашық. Дегенмен өңірдегі кейбір елдерде шектеулер сақталғандықтан, авиакомпаниялар ұшу бағытын тәуекелдерді бағалай отырып анықтайды.

Маршруттарды жоспарлау кезінде халықаралық ұйымдардың деректері, аэронавигациялық ақпарат және қауіпсіздік жөніндегі жедел хабарламалар ескеріледі. Соның нәтижесінде ұшу қауіпсіздігі бақылауда қалып, халықаралық тәжірибеге сәйкес қамтамасыз етіледі.

Айта кетейік, бұған дейін ҚМДБ қажылық маусымының кестесін жариялаған болатын. Биыл үлкен қажылық 15 мамыр - 5 маусым аралығында өтеді. Қажыларды тасымалдауға 3 әуе компания жауапты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу