ҚМГ әуе отынының көтерме бағасын төмендетті

673

ҚМГ әуе отынының көтерме бағасын төмендетті

"ҚазМұнайГаз"  ұлттық компаниясы" АҚ 1 ақпаннан бастап өзімізден шығатын РТ маркалы авиациялық отынның көтерме бағасын төмендетті, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі. 
"Бағаның өзгеруіне Атырау және Павлодар мұнай өңдеу зауыттарындағы жаңғырту жұмысы аяқталғаннан кейін, ашық түсті мұнай өнімдері желісінің ұлғаюы негіз болды. Бұл фактор елімізге қажет маңызды мұнай өнімімен ішкі нарықты толығымен қамтамасыз етуге және қымбат импорттан бас тартуға мүмкіндік берді", - деп жазылған хабарламада.            
ҚМГ коммерциялық құпия дегенді желеу етіп,  әуеотынының нақты қазіргі көтерме бағасы мен оның төмендегендегі бұрынғы бағамен пайыздық арақатынасы қанша болатынын айтудан бас тартты. 
Бұдан бұрын индустрия және инфрақұрылымдық дамыту министрлігі нарықты отандық әуе керосинмен қамтамасыз ету әуе тасымалының бағасын төмендетеді деген еді. 
18,3 млн-нан астам халқы бар елімізде үш ірі МӨЗ жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу