ҚМГ биыл 17 млн тоннаға жуық мұнай өңдейді

510

Зауыттар ең жоғары қуатында жұмыс істеп тұр

ҚМГ биыл 17 млн тоннаға жуық мұнай өңдейді

Бұл туралы ҚМГ Басқарма төрағасының мұнай өңдеу және мұнай химиясы жөніндегі орынбасары Арман Қайрденов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz компания баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Арман Қайрденов мұнай өңдеу мен мұнай өнімдерін өндіру көлемі жыл сайын тұрақты өсіп келе жатқанын айтады. Үш ірі МӨЗ-дің 2022 жылға арналған мұнай өңдеу жоспары 2021 жылмен салыстырғанда шамамен 1 млн тоннаға ұлғайған.

Осылайша, биыл ҚМГ 17 млн тоннаға жуық мұнай өңдейді.

Бұл ретте, зауыттар ең жоғары қуатында жұмыс істеп тұр, соған орай жабдықтардың техникалық жағдайы тәулік бойы бақылау жүргізуді талап етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу