ҚМГ мен ЛУКОЙЛ "Қаламқас-теңіз және Хазар" жобасы бойынша келісімге қол қойды

782

16 қарашада "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев "ЛУКОЙЛ" ЖАҚ президенті Вагит Алекперовпен кездесті. Тараптар ынтымақтастықтың және Қазақстан аумағында бірлескен жобаларды іске асырудың өзекті мәселелерін талқылады.

ҚМГ мен ЛУКОЙЛ "Қаламқас-теңіз және Хазар" жобасы бойынша келісімге қол қойды

Кездесу барысында "Қаламқас-теңіз және Хазар" жобасы бойынша Қағидаттар туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды inbusiness.kz "ҚМГ" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құжат ҚМГ мен ЛУКОЙЛ компаниялары арасында кен орындарды бірлесіп игерудің тұжырымдамасын, талаптары мен шарттарын айқындау жөнінде одан әрі келіссөз жүргізуді көздейді.

Айта кетейік, қос компания Қарашығанақ, Теңіз, Әл-Фараби, Жеңіс жобаларына, Каспий Құбыр Консорциумы мұнай тасымалдау жобасына, сондай-ақ Хвалынск және Орталық кен орындарын игеру жөніндегі бірлескен кәсіпорындарға қатысады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу