Қоғам белсендісі: Өскеменде 25 млн теңгеге келісілген көше шамдары орнатылмады

535

“Халықтың ақшасы қайда кеткеніне облыстық экономикалық тергеу департаменті жауап беруі керек”, деп дабыл қақты қоғам белсендісі. 

Қоғам белсендісі: Өскеменде 25 млн теңгеге келісілген көше шамдары орнатылмады Фото: google

Өскемен қаласының ТҮКШ бөлімі "Магнат-100" жеке кәсіпкерлігі және 3Z-Building ЖШС-мен 24.9 млрд теңгеге қаланың бірнеше ауданында қосымша шамдар орнату үшін келісімщарт жасасқан. Атап айтқанда, олар қаланың Сол жағалау, Радужный, Согра, Жыланды, Бабкина, Прудхоз, Нұрлыкөш сынды жеті шағын аудандарына шам орнатуы тиіс болған. Алайда "Әділдік жолы" қоғамдық бірлестігінің ШҚО-дағы жетекшісі Әділ Пшеновтің айтуынша, аталмыш аудандарда мұндай жұмыс жүргізілмеген.

"Осы кенттерді шолып шығып, қосымша орнатылған бірде-бір жарықтандыруды көрмедім. Жалпы 24 901 009 теңгеге жасалған келісімшарттың шамдары қайда кеткені белгісіз. Мысалы, Бабкин ауылында шамдарды онсыз да бар ағаш тіректерге орнатыпты. Негізінде жаңа темірбетондарды қоюлары керек болған. Сондай-ақ, сымдарды дұрыс орнатпаған. Сымдар тіректермен жанаса орнатылған, мұның салдары токтың тұйықталып, көшенің жарықсыз қалуына әкелуі әбден ықтимал", дейді Әділ Пшенов.

Ол халықтың ақшасы қайда кеткеніне облыстық экономикалық тергеу департаменті жауап беруі керек деп есептейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу