Қоғамдық кеңес вокзал мәртебесін қайта қарауды қолдады

235

Бұл туралы Астана қаласы Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Асет Ерназаров мәлім етті.

Қоғамдық кеңес вокзал мәртебесін қайта қарауды қолдады Фото: qazaqstan.tv

Астанада 1954 жылы алғашқы тың игерушілер эшелоны келген теміржол вокзалы ғимараты мен вокзал маңындағы алаңды жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізімінен шығару мәселесі қаланың қоғамдық кеңесінің отырысында қаралды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"2026 жылғы 18 маусымда 1954 жылы алғашқы тың игерушілер эшелоны келген вокзал ғимараты мен вокзал маңындағы алаңды жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізімінен шығару мәселесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тарихи-мәдени мұра мәселелері жөніндегі арнайы комиссиясының отырысында қаралды", – деді ол.

Оның айтуынша, комиссия қарауының қорытындысы бойынша аталған нысандарды жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізімінен шығару туралы Астана қаласы әкімдігінің қаулы жобасы әзірленген. 

Мәселе Астана қаласы мәслихатының отырысында қаралып, депутаттар ұсынысты қолдады. Нәтижесінде тиісті жоба қабылданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу