Қоғамдық көлікте бетперде тағуды қадағалайтын камералар саны артады

592

8 маршрут бойынша 32 автобусқа қосымша интеллектуалды камералар орнатылады. 

Қоғамдық көлікте бетперде тағуды қадағалайтын камералар саны артады

Қоғамдық көлікте интеллектуалды камераларды іске қосу туралы онлайн-брифинг барысында Қалалық мобильділік басқармасының басшысы Ерлан Әділов Алматы автобустарына қосымша 32 камера орнатылатын мәлімдеді. 

"Жоба тиімділігін көрсетті. Соған байланысты "Қазақтелеком" ЖШС мен "Алматы қаласы көлік холдингі" ЖШС тағы 8 маршрут бойынша жүретін 32 автобусқа бақылау-камераларын орнату туралы келісімге келді. Қыркүйектің соңына дейін осындай жүйе орнатылған автобустар санын арттыру көрделген", – деді басқарма басшысы. 

Бұған қоса ол жүйе қалай жұмыс істейтінін түсіндірді. 

"Бетпердесіз адамды интеллектуалды камера танып, диспетчерлік қызметке белгі береді. Ал қоғамдық көліктің диспетчерлік қызметі оны "Жүргізушінің көмекшісі" жүйесі арқылы автобус жүргізушісіне хабарлайды. Ол аялдамаға келгенде жолаушыларға бетперде режимін сақтап, оны тағу туралы ескертеді", – деді Ерлан Әділов. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу