Қоғамдық орындарда бетін тұмшалаған 1600-ден аса адам жауапқа тартылды – ІІМ

278

Бұл талап "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" заңда көзделген. 

Қоғамдық орындарда бетін тұмшалаған 1600-ден аса адам жауапқа тартылды – ІІМ Фото: freepik

Ішкі істер министрлігі қоғамдық орындарда адамның түр-сипатын тануға кедергі келтіретін киімдерді киюге тыйым салынғанын еске салды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тыйым ауа райы жағдайларына және медициналық ұсынымдарға қатысты қолданылмайды. Сондай-ақ қызметтік міндеттерді атқару, спорттық және мәдени іс-шараларға қатысу кезінде де тыйым салынбайды. ӘҚБтК-нің 434-3-бабына сәйкес, алғаш рет құқық бұзғандарға ескерту жасалады.

Бір жыл ішінде қайталанса, 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Қазіргі уақытта аталған құқық бұзушылық үшін 1613 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған. ️

ІІМ бұл талап қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу