Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданында 19 жастағы жас жігіт қоғамдық орынға әдепсіз сипаттағы сурет пен жазу салған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Құқық бұзушылық Рассыпное ауылында полицияның мобильді тобы жүргізген профилактикалық жұмыс барысында анықталды.
Сотта жас жігіттің қара түсті аэрозоль бояумен асфальт жабынына сурет пен жазу салғаны анықталды. Ол кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін айтты.
Сот шешімімен құқық бұзушыға айыппұл тағайындалды.
Полиция қоғамдық орындардың көркін қасақана бұзу әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу