Қой етін экспорттау үшін 30 мың мал басын союға арналған алаң құрылады

941

Қой етін экспорттау үшін 30 мың мал басын союға арналған алаң құрылады

11-12 қыркүйекте ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Қытайдың Наньнин​ ​қаласында China-ASEAN Expo көрмесі аясында өткен Қазақстан-Қытай І өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты және сөз сөйледі. Форум жұмысына сондай-ақ ҚХР мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Чжан​​ Гаоли қатысты, деп хабарлайды primeminister.kz.

"Қазақстанның барлық 16 өңірі түрлі провинциялардағы қытай компанияларымен іскерлік байланыс орнатқан және бірлесіп іске асырып жатқан жобалар бар", - деп атап өтті​ Асқар Мамин өз кезегінде.

Өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында "Батыс Марка Ламб" қазақстандық ет өңдеу компаниясының төрағасы Рахымжан Исмағамбетов пен Zheng&Agrotechnology Co. Ltd қытайлық компаниясының төрағасы Ли Сианьмин ҚХР-ға қой етін экспорттау үшін 30 мың мал басын союға арналған заманауи мал бордақылау алаңын құру жөніндегі меморандумға қол қойды. Шетел инвестицияларының көлемі $47 млн құрайды. Жоба 2018 жылы іске асырылады. Ағымдағы жылы қуаттылығы кезегіне 1,5 мың қой болатын "Батыс Марка Ламб" ет комбинаты Иранға қой етін экспорттауды бастады.

Сондай-ақ, "Kazakh Invest" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Мақсат Қабашев пен Silver Tiger Capital компаниясының басшысы Цуй Лунфэй $250 млн капиталдандырумен бірлескен Инвестициялық қор құру бойынша ынтымақтастық туралы Негіздемелік келісімге қол қойды.

"Aitey Group" холдингінің басқарма төрағасы Сейітжан Есімов пен Stone Stock компаниясының басқарма төрағасы Ху Цзинпэй стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қойды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу