Қой етін экспорттауда нақты логистика, стандарт жоқ

803

Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымының бас директоры Ерлан Байдәулет Атамекен Бизнес арнасына берген эксклюзивті сұхбатында қой етін экспорттаймыз деген ірі фермерлерге жаңа мүмкіндік туралы айтты.

Қой етін экспорттауда нақты логистика, стандарт жоқ Фото: inbusiness.kz

Қой шаруашылығын дамытып, экспорттық әлеуетті арттырудағы проблемарлар жетерлік. 

Атап айтсақ, тұқымды түрлендіру, сонымен қатар алынған өнімді белгілі бір халықаралық стандартта сертификаттау. Сондықтан, аталған сұрақтарды реттеуді Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы қолға алып отыр. Араб елдері Қазақстаннан қой етін алуға дайын, бірақ нақты үйлестірілген экспорт жүйелі жүргізіліп отыр деп айтуға әзір ерте, дейді сарапшы. 

Әрі қазақстандық нан өнімдеріне Таяу Шығыс елдерінде сұраныс өте жоғары екенін жасырмады.

Ерлан Байдаулеттің айтуынша, Қазақстанда бидай өндірушілер бірінші өнімін экспорттауды ойлайды. Сол себепті елімізде нан ұн, нан өнімдерінің қымбатшылығы артқан.

"Қазақстандық кәсіпкерлер бидайды шет мемлекеттерге экспорттауды ойлайды. Сол себепті баға тұрақсыз. Нан өнімдерін шығарудың үш үзбесі бар. Біріншісі – бидайды өндіру, екіншіден – ол бидайды диірменге әкелу, диірменнен ұнды нан өнімдерін шығаратын зауытқа апару. Өкінішке қарай, Қазақстанда бұл үзбе бір-бірімен байланыспайды. Неге десеңіз, бидай өндірушілер бидайды диірменге апарудың орнына шетелдерге экспорттайды", дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу