Көк қағаз құны күзде қалай өзгеруі мүмкін?

393

Шетел валютасының күрт өсуіне алғышарттар жоқ.  

Көк қағаз құны күзде қалай өзгеруі мүмкін? Фото: Depositphotos.сom

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов  күзде доллар бағамы қандай болуы мүмкін деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тимур Сүлейменовтің айтуынша, Ұлттық банк валюта бағамына қатысты болжам жасамайды. Ол доллардың күрт өсуіне алғышарттар жоқ деп отыр.

"Доллар бағамында да маусымдық ерекшеліктер бар. Жазда адамдар демалысқа бару үшін валюта сатып алады. Ірі компаниялар құрылыс маусымында көп жобаны жүзеге асыруға үлгеру үшін шетелдік жабдықтар мен материалдарды белсенді сатып ала бастайды", – деп түсіндірді Ұлттық банк басшысы Мәжіліс кулуарында.

Ұлттық банк төрағасы жыл басында әдетте доллар бағамы аздап төмендейтінін, ал жылдың ортасы мен соңына қарай қайтадан өсе бастайтынын баса айтты.

"Сол себепті биыл да осындай үрдіс болады деп ойлаймыз. Бірақ ол қалыптасқан тарихи мәндер аясында болады. Күрт қымбаттау күтілмейді", – деді Тимур Сүлейменов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу